Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған аустралиялық Джейсон Кублермен күш сынасты. Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығын сақтай алды - 6:3.
Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті - 6:2. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 15 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қазақстандық спортшы финалда рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда тағы бір америкалық, әлемнің 22-ракеткасы Джон Изнерді ұтты - 6:2, 4:6, 6:3.