Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Титулдың бұрынғы иегері Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте титулды қорғаудан бас тартты. Оның орнына америкалық екінші орташа салмаққа өтіп, британдық Зак Паркермен «уақытша» WBO белбеуі үшін айқасуға шешім қабылдады. Ұйым мұндай жекпе-жекке рұқсат беріп, тараптарға келіссөз жүргізуге уақыт берді.
Осылайша, WBO ережелері бойынша Жәнібек Әлімханұлы «уақытша» чемпионнан орта салмақта WBO нұсқасы бойынша толық құқылы әлем чемпионы мәртебесін алды.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!