Ойын 1 сағат 30 минутқа созылды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 Porsche Tennis Grand Prix Stuttgart 2023 турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Рыбакина алғашқы ойында германиялық теннисші Юле Нимайермен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 30 минутқа созылды.
Матч кезінде Елена тоғыз рет эйс, бір рет қос қате жасады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры - 780 000 АҚШ доллары, ал жеңімпазға 120 000 АҚШ доллары, 470 рейтингтік ұпай және Porsche автокөлігі сыйға беріледі.