Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге соңғы мүмкіндігі бар деп есептейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Канело" қыркүйек айында Головкинмен немесе Дмитрий Биволмен жекпе-жек өткізеді. Егер кездесу Биволмен болмаса, онда қазан айында тағы бір жекпе-жек өткіземіз. Сондай-ақ келесі жылы Cinco de Mayo-да үлкен реванш болады.
Шынымды айтсам, Головкинмен "Канело" дәл қазір жекпе-жек өткізуі керек. Қазір өкізбесе бұл жекпе-жек ешқашан болмайды. Мен үшін "Канело" мен GGG-ге арасындағы жекпе-жек бокстағы ең үлкен ойын. Бұл екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін күрес.
Сонымен қатар Альварес пен Головкин арасындағы араздық жекпе-жек өткізуге тағы бір себеп", - деді Хирн.
Дереккөзі: tengrinews.kz