|
28.11.2022 | 09:26
1829

Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіліп, ауруханаға түскен еді

Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға үндеу жасады tengrinews.kz

Кубалық Давид Моррельге қарсы жекпе-жектен кейін комаға түскен қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы отандастарына алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ербосынұлы Instagram Stories-те жанкүйерлерінің хаттарын жариялап, ыстық ықыласы үшін алғыс білдірді.

«Осыған ұқсас SMS-тер өте көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла жазса, мықты болып ораламын. Алла жазса, алар асуымыз алда», - деп жазды Ербосынұлы.

Айта кетейік, 6 қарашада Ербосынұлы Миннеаполисте (АҚШ) Моррельмен екінші орта салмақта WBA уақытша чемпионы титулын сарапқа салған. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіліп, ауруханаға түскен еді. Миына қан құйылып, жасанды комуға түскен. Таяуда боксшының өкілдері Айдостың жағдайы жақсарғанын, комадан шыққанын хабарлаған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир