Еліміздің қоржыны тағы 2 қола жүлдемен толықты

sports.kz/ecns.cn
sports.kz/ecns.cn
Мария Бровкова мен Рината Сұлтанова қола медаль алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында байдарка мен каноэден ескек есуден әйелдер арасында жекелей сынға түскен Мария Бровкова Қазақстанға тағы бір қола медаль әкелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агентігіне сілтеме жасап.

Ол жеке каноэде ескек есуде (200 метр) үшінші болып нәтиже көрсетіп, 49,368 қашықтықты бағындырды.

Жеңісті қытайлық Вэнцзюнь Лин жеңіп алды – 47,623. Күміс жүлдені Ораса Тиангкхаток (Таиланд) жеңіп алды – 49,221.

Айта кетсек, бұл – 18 жастағы спортшының биылғы Азиадада жеңіп алған екінші жүлдесі. Кеше Мария Бровкова жұптық сында күміс жүлде алған еді.

Сондай-ақ велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанды.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, ол тайм сынағы жеке жарысында үшінші болып келді.

«Сұлтанова 18,3 шақырымды 25:36,10-да бағындырды. Ольга Забелинская (Өзбекстан) бірінші орын (24:35,99), жапондық Эри Энаминге (25:35,59) екінші орын алды.

Новости партнеров