Данияр Елеусінов IBO нұсқасында әлем чемпионы атанды

19.12.2021 14:28

12 раундтық кездесудің екінші раундында Аргентина боксшысы қазақстандық қарсыласынан нокдаун алды

ҚазАқпарат

Қазақстан кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында өткен кәсіпқой бокс кешінің негізгі жекпе-жегі қазақстандық Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао арасында болды. 12 раундтық кездесудің екінші раундында Аргентина боксшысы қазақстандық қарсыласынан нокдаун алды. Рингтегі төреші үшінші раундта да «нокдаун» ашты. Қалған раундтар да Даниярдың толық басымдығымен өтті. Алайда жекпе-жекті ерте аяқтауға сәтті бір соққы жетпей тұрды. Төрешілер шешімімен Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына лайық деп танылды.