«Челси» ойыншылары 6:5 есебімен жеңіске жетті
Лондондық «Челси» испаниялық «Вильярреалды» жеңіп, УЕФА суперкубогын иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы «Уиндзор Парк» стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Хаким Зиештің голына (27-минутта) испандар Жерар Мореноның дәл соққысымен (73-минутта) жауап берді.
Қосымша уақытта командалар алға шыға алмады. Нәтижесінде жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Мұнда «Челси» ойыншылары 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, өткен маусымда «Челси» Чемпиондар лигасында топ жарған, ал «Вильярреал» Еуропа лигасын жеңіп алған еді.