Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алып, топ жарды
Таиландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, көпсайыста Айбота Ертайқызы 4-і болды. Ал Елжан Таниева 7-і нәтиже көрсетті. Жекелей біріншілікте Елжан Таниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол ұршықпен жаттығудың финалында күміс жүлдегер болды.
Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын Қазақстан командасы топпен жаттығу жасауда алтын медаль иеленген еді. Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алып, топ жарды. Көркем гинастиканың бұл түрінде «күміс» Өзбекстанға, «қола» Жапонияға бұйырды.