Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногориямен кездеседі

12.10.2022 14:32

Командалар үшін бұл турнирдегі екінші матч болмақ

prosports.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Черногориямен матч өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Командалар үшін бұл турнирдегі екінші матч болмақ. Бұған дейін Қазақстан Словения құрамасын жеңсе (2:0), Черногория одан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Qazsport телеарнасы өткізетін Черногория - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:50-де басталады.