Мұхаммед – тарихта қалған ұлы боксшы
Әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон тарихта ат аңызға айналған ең ұлы боксшының кім екенін айтты деп хабарлайды Kaz.nur.kz TalkSPORT сайтына сілтеме жасап.
Боксшы өзін әйгілі Мұхаммед Әлимен салыстырды. Ол WBSS виртуалды турниріндегі Әлиді жеңгені туралы ойымен бөлісті.
"Мен бұл жарыс туралы естідім. Виртуалды әлемде мен оны жеңген шығармын, алайда шын өмірде Әли жеңген болар еді. Мұхаммед – тарихта қалған ұлы боксшы", - деді Тайсон.
Естеріңізге сала кетсек, Әли спорттық мансабын 1981 жылы аяқтаған болатын, ол кезде жасы 39-да еді. Аңызға айналған боксшы шаршы алаңға 61 рет шығып, 56-сын жеңіспен аяқтаған. Тайсон болса, 58 жекпе-жек (50 жеңіс) өткізген. Ол спорттық мансабын 2005-те аяқтаған.