Қазақстан спортшылары Белградтағы бокс турнирінен 12 медаль жеңіп алды

01.04.2022 14:35
ашық дереккөз

Белградта (Сербия) «Белградтық жеңімпаз» Бранко Пешич мемориалы халықаралық турнирінде ширек финал айқасы өтті. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасындағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қола жүлдені Теміртас Жүсіпов (51 кг), Қуаныш Дүйсенбай (51 кг), Олжас Байниязов (54 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асықұлов (57 кг), Саматали Төлтаев (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Дәулет Нысан (67 кг), Нұржан Аманкелді (71 кг), Армат Арманұлы (71 кг), Ильяр Аширов (75 кг) және Мади Амиров (86 кг) алады.

Сондай-ақ Мади Амиров жартылай финалдағы айқас өткізіп үлгерді, бірақ финалға өте алмады - ол украиналық боксшы Сергей Горсковтан жеңіліп қалды.