Ел қоржынында 13 алтын медаль бар
Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева V Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанып, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Финалда Аделаида Пчелинцева 50 м қашықтықты 31.71 секунд уақытта бағындырып Ислам ойындарының рекордын жаңартты.
«Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, ойындарда қарсылас шақ келтірмей Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді жеңіп алтын олжалады», - деп көрсетті Спортты дамыту дирекциясы.