Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің үшінші кезеңінде 2-орын алды, деп хабарайды Almaty.tv.
Бибісара шешуші – 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады.
Бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпай еншілеген еді. Осылайша, үш шахматшы балл саны бойынша тең түсті. Бұл ретте Бибісара Асаубаева жекелеген көрсеткіш бойынша 2-орын алса, ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина тай-брейкте жеңіске жетті.
Бірдей ұпай жинаған 3 ойыншы 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды бірдей бөліседі.
Айта кетейік, Гран-придің шешуші – 4-кезеңі Кипр астанасы Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Отандасымыз Бибісара Асаубаева осы кезеңге шақырту алған 12 шахматшының қатарында.
Оқи отырыңыз: Бибісара Асаубаева Үндістан Гран-приінде 5,5 ұпаймен топ бастап тұр
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!