Шавқат Рахмонов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады
inform.kz
Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 200 турнирінде гайаналық Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жекке шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық спортшы Шавқат Рахмонов (14-0) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 200 турнирінде гайаналық Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақта өткен бұл кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Алайда жерлесіміз бірінші раунда-ақ айналып теуіп, қарсыласын сұлатып түсірді.
Осылайша Шавқат Рахмонов кәсіпқой мансабында 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Карлсон болса, бесінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Рахмоновтың бұл UFC-дегі үшінші жекпе-жегі.
Бұған дейін ол сабмишн әдісімен бразилиялық Алекс Оливейруды (22-11-1-2) және Мишел Празеристі (26-4) тізе бүктірген еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00