Қазақстан Президенті Қатар Әмірін Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады

19.12.2022 в 14:37

Қатарда өткен футболдан әлем чемпионаты мәресіне жетті

Акорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«@TamimBinHamad, сізді #FIFAWorldCup додасын сәтті өткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл турнир әлемдік футбол тарихында биік рухтың, әділ ойын мен қатарлықтардың ерекше қонақжайлығының белгісі болып қалады», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Қатарда өткен футболдан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Ақтық матчта Аргентина құрамасы пенальти сериясында Франциядан басым түсіп, жеңіске жетті.