Головкин мен Деревянченко жекпе-жектен соң ауруханаға жеткізілді

07.10.2019 14:38

Головкин IBF және IBO нұсқасы бойынша чемпион атанды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко Нью-Йоркте өткен жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Украиналық боксшының промоутері Лу ДиБелла Twitter желісіндегі парақшасында екі боксшы да баспасөз мәслихатына қатыса алмайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, кеше Генадий Головкин Сергей Деревянченко жұдырықтасқан болатын.

Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде, Головкин IBF және IBO нұсқасы бойынша чемпион атанды.