|
04.12.2022 | 09:45
6062

Месси әлем чемпионатындағы гол саны бойынша Роналду мен Марадонаны басып озды

Бұл 35 жастағы футболшының кәсіби деңгейдегі 1000-матчында болды

Месси әлем чемпионатындағы гол саны бойынша Роналду мен Марадонаны басып озды Twitter

Аргентина құрамасының көшбасшысы әрі капитаны Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Австралия құрамасына қарсы өткен ойында есеп ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. .

Бұл 35 жастағы футболшының кәсіби деңгейдегі 1000-матчында болды.

Белгілі болғандай, бұл - Мессидің әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы голы. Жалпы, оның қазір әлем чемпионаттарында тоғыз голы бар, оның сегізі топтық кезеңде соғылды.

Әлем чемпионатында соққан тоғызыншы голының арқасында Месси голдар саны бойынша сегіз голдан соққан аты аңызға айналған отандасы Диего Марадона мен португалиялық басты бәсекелесі Криштиану Роналдудан басым түсті. Әлем чемпионаттарында Аргентина сапында Леодан тек Габриэль Батистута ғана (10) көп гол соқты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир