Деревянченко Головкинмен кездесу алдында қазақстандықтарға алғыс айтты

28.08.2019 14:48

Боксшы үндеуін Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында қазақстандықтарға алғысын айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Боксшы үндеуін Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Арланс" сапындағы жекпе-жектерімді ұмытпай, әлеуметтік желілерде маған жылы сөздер жазып жатқан қазақтарға алғыс айтқым келеді. Сол уақыттан жақсы естеліктер қалды. Рақмет!",  - деп жазды Деревянченко.

Естеріңізге салсақ, Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар орта салмақта IBF титулын сарапқа салады.