Головкин-Деревянченко жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

22.08.2019 14:49

Боксшылар орта салмақтағы IBF титулына таласады

Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченконың жекпе-жегі 5 қазанда Madison Square Garden аренасында өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Боксшылар орта салмақтағы IBF титулына таласады.

«Өзімнің екінші үйімдей болып кеткен MSG рингіне оралуға қуаныштымын. 5 қазанда жақсы жекпе-жек өтеді.  Madison Square Garden мен  DAZN-ға Big Drama Show-ды қайтарамыз. Нью-Йоркте кездескенше!», - деп жазды Головкин Instagram желісіндегі парақшасында.