Страндж кубогы: Қазақстандық 4 боксшы қыз алтынға таласады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Ал жартылай финалда қарсыластарына жол берген төрт бұрымды боксшымыз халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Болгария астанасында өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақпанның 25-нен 26-сына қараған түні жартылай финалдық жекпе-жектер мәресіне жетті. Нәтижесінде аталған турнирдің финалына қазақстандық боксшы қыздардың төртеуі шықты.

Атап айтсақ, Болгария астанасында өтіп жатқан кіші әлем чемпионатының финалында алтынға Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбайева таласады.

Финал:

50 келіге дейін

Назым Қызайбай (Қазақстан) - Боуалем Роумайса (Алжир)

54 келіге дейін

Дина Жоламан (Қазақстан) - Станимира Петрова (Болгария)

70 келіге дейін

Валентина Хальзова (Қазақстан) - Галина Головченко (Ресей)

81 келіден жоғары

Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) - Дулма Лумбунова (Ресей)

Ал жартылай финалда қарсыластарына жол берген төрт бұрымды боксшымыз халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Олар - Римма Волосенко, Дариға Шәкімова, Надежда Рябец және Анастасия Баязитовалар қола медаль иегері атанды.

Айта кетейік, Страндж кубогы турнирінің финалистері арасында Қазақстан әйелдер құрамасы Ресейден кейін екінші орында тұр. Елімізден 4 боксшы алтынға таласса, Ресейден финалға алты боксшы шықты.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
Новости партнеров