Алматы қаласындағы «Тұлпар» ат спорты орталығының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы, С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Амангелді Сейітханов және ҚР Президенті сыйлығының иегері, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған футболдан республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өнертану докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен қолға алынған турнирге Шығыс Қазақстан облысынан «Шығыс ақпарат», Жамбыл облысынан «Taraz Press» командасы, Алматы облысындағы «Жетісу» телеарнасынан «Qareket» және КТК/ Халық арнасы, «Қазақ газеттері» «Намыс», «Хабар», «Шұғыла» жастар командалары қатысты.
Еліміздегі ақпарат саласында айрықша орны бар майталман журналистерді еске алуға арналған спорттық доданың қатысушыларына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевқұттықтау хат жолдап, сәттілік тіледі.
«ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы, С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Амангелді Сейітхан және ҚР Президенті сыйлығы иегері, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ерен еңбегі үшін медалінің иегені Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Келер ұрпақ сіздерге қарап бой түзері сөзсіз. Осы орайда, еліміздегі стратегиялық бағыттардың бірі - бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін», – деп атап өтті Дәурен Абаев.
«Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Келер ұрпақ бүгінге қарап бой түзейді. Қазақ журналистикасында ерекше орны бар майталман журналистердің даңқы ешқашан да өшпейді. Олардың есімдерін жаңғыртып отыру сіз бен біздің міндетіміз.Уақыт пен денсаулық қадірін бағалауға бағытталған іс-шараның берері зор болсын. Аталған теңбіл доп сайысы дәстүрге айналады деп сенемін», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Айтулы шараға қатысқан Амангелді Сейітханның ұлы Бекасыл Амангелдіұлыәкесі туралы естеліктермен бөлісті.
«Әкем қазақ спортының дамуына өзінің үлкен үлесін қосқысы келді. Ол өмірдегі айрықша арманы еді. Спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру үшін, алдымен, ең бірінші өзін қызықтырды, одан кейін халықты қызықтырғысы келді. Әкемді ұмытпай емес алып жатқан баршаңызға алғыс білдіремін!» – деді Бекасыл Амангелдіұлы.
Сондай-ақ Бейсен Құранбектің досы, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының Бас директоры Серік Әбікенұлы, қазақ спорты журналистикасының ақтаңгері, жазушы, спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы мен Бейсен Құранбек сынды дарабоз таланттардың өмірінің соңына дейін жемісті еңбек еткен қарашаңырағы «Қазақстан» корпорациясының Алматы филиалы директорының орынбасары Руслан Қосанов, Нұртілеу Иманғалиұлының жұбайы Қарлығаш Табулдинова, белгілі спорт журналисі Ақын Оңғарбайұлы қатысты.
Спорттық жарысқа белсене қатысып, тартысты өнер көрсеткен журналистер өздерінің мықтылықтары мен дене шынықтыру дайындықтарын көрсетті.
Алаңда үздік өнер көрсеткен Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының «Qareket» футбол командасы бірінші орынға ие болса, КТК/ Халык арна футбол командасы екінші орынды, «Шығыс ақпарат» командасы үшінші орынды иеленді.
«Қазақ газеттері» футбол командасына Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы жүлде, «Намыс» футбол командасы ұйымдастырушылардың арнайы жүлдесімен марапатталса, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының арнайы сыйлығы «Taraz Press» футбол командасына бұйырды. Жамбыл облыстық «Taraz Press» футбол командасының ойыншысы Арман Жаналиевке "Үздік ойыншы" номинациясы берілді. Барлық жеңімпаздар алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!