Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына өтті

livesport.kz
livesport.kz
Ол төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік спортшымен таласады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесті.

Бірінші партияда Е.Рыбакина тай-брейкте басым түсті - 7:6 (7:4).

Екінші сет жеңілірек болды - 6:1.

Жарты сағаттан астам уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен таласады. Ол әлемнің 26-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенсті жолдан тайдырды - 6:4, 4:6, 6:3.

А.Калинскаямен қазақстандық спортшы өзара үш рет ойнап, соның екеуінде ресейлік жеңіске жетті. Биыл Майами мастерс жарысында Елена 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңген еді. Алайда Мадридте дәл осындай додада ұтылып қалды - 5:7, 6:4, 2:6.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Анна Данилина мажарстандық Тимея Бабошпен бірге Рим турнирін жеңіспен бастады. Олар алғашқы айналымда америкалық Эмма Мухаммад – мексикалық Джулиана Олмосты ұтты - 4:6, 6:3, 10:6. Енді олар ширек финалға шығу үшін Беларусь өкілі Виктория Азаренко - бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады.

Новости партнеров