Қуат Хамитов ресейлік нокаутерді бірінші раундта жеңді

11.09.2022 14:51

Ресей файтері осы уақытқа дейінгі бүкіл айқастарын нокаутпен аяқтаған болатын

instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (23-7-2) Атырауда өтіп жатқан Mergen Fighting Championship 3 турнирінде хедлайнер болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қуат Хамитов ресейлік Василий Бабинцевпен (6-6) аралас жекпе-жекке шықты.

Ресей файтері осы уақытқа дейінгі бүкіл айқастарын нокаутпен аяқтаған болатын.

Аралық салмақтағы кездесу үш раундқа шақталғанымен бірінші раундта-ақ Қуат Хамитовтың тұншықтыру тәсілінің арқасында оның жеңісімен аяқталды.

Осылайша Қуат Хамитов кәсіби спорт жолындағы жиырма төртінші жеңісіне қол жеткізді, ал Василий Бабинцев жетінші мәрте ұтылды.

Еске сала кетейік, мұның алдында қазақстандық спортшы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде украиналық Зака Фатуллазадемен (19-12) жұдырықтасады делінген еді. Бірақ ол Қазақстанға жолға шығар алдында визадан проблема туындап, жарысқа келе алмады.