ESPN телеарнасының сарапшысы және АҚШ-тағы бокстың белгілі шолушыларының бірі Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) жағдайы туралы жағымды ақпарат жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өз дереккөздеріне сүйене отырып, Ермосынұлының нокаутпен ауыр жеңілгеннен кейін медициналық комадан шыққанын және жағдайының жақсарғанын атап өтті.
Жекпе-жектен кейін екі апта өткенде қазақстандық боксшының жағдайы тәуір болып қалғаны айтылды. Дэн Рафаэльдің айтуынша, Айдос сөйлей алатын және белгілі бір күйде жүре алатын болды.
Айта кетейік, отандасымыз кубалық Давид Моррелден жеңілгеннен кейін Хеннепин округінің медициналық орталығына дәрігерлік тексеру жасау үшін алып кеткен, боксшы ауруханаға миына қан кеткен соң медикаментозды жағдайда жеткізілген.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!