Футбол: «Челси» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды

Футбол: «Челси» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еуропа лигасының финалында «Челси» футболшылары «Арсеналды» ойсырата жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лондондық клубтардың кездесуі Бакудегі «Олимпийский» алаңында өтті. Ойын нәтижесі 4:1. Барлық гол ойынның екінші кезеңінде салынған. 49-шы минутта есепті Оливье Жиру ашса, 60-шы минутта Педро есепті еселеді. Кейін Эден Азар пенальтиді сәтті жүзеге асырды. 69-шы минутта «Арсенал» ойыншысы Алекс Ивоби есеп айырмасын бір голға қысқартты. Бірақ 72-ші минутта Азар ойындағы екінші голын соқты.  

Еуропа лигасында «Челси» екінші рет турнирдің жеңімпазы атанды. 2013 жылы олар португалиялық «Бенфиканы» жеңген. «Арсенал» болса Еуропа лигасының финалында екінші рет жеңіліс тапты.

Осы жеңіліс үшін «Арсенал» Чемпиондар лигасына қатысу жолдамасынан айырылып қалды. Себебі команда Англия Премьер-лигасында бесінші орында тұрақтаған. Оның орнына Чемпиондар лигасына франциялық «Лион» қатысады.



Новости партнеров