Шахматтан олимпиадада Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштіктен шығып қалды

09.08.2022 14:54

Қазақстандық шахматшылар Үндістан құрамасынан ұтылды

ia-centr.ru
Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштіктен шығып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық шахматшылар Үндістан құрамасынан 0,5-3,5 есебімен ұтылып, турнир рейтингінде үшінші орыннан сегізінші орынға түсті.

Ал екінші орында болған Үндістан құрамасы Қазақстанды жеңгеннен кейін рейтингте көш бастады.

Бұл - Қазақстан әйелдер құрамасының Әзербайжаннан 1-3 есебімен ұтылғаннан кейінгі екінші жеңілісі.

Қазақстанның әйелдер құрамасы: Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева.

Ерлер құрамасы: Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербек.