|
13.05.2021 | 10:59
6815

Әлемдегі ең табысты спортшы кім

Рейтингте үздік ондық көрсетілген

Әлемдегі ең табысты спортшы кім живуспортом.рф

UFC жұлдызы Конор Макгрегор Forbes нұсқасы бойынша дүние жүзінде ең табысты спортшылар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ирландиялық файтердің кейінгі жылы тапқан табысы 180 миллион долларға бағаланды. Рейтингтегі екінші орында «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тұр – 130 миллион доллар. Сондай-ақ үздік үштікке «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кірді – 120 миллион доллар.

Макгрегор жылдық табысының көп бөлігін өзінің виски брендін сатудан тапқан. Ал екі футболшының да негізгі табысы жарнамалық келісімшарттар.

Жылдың ең табысты ТОП-10 спортшысы:

1. Конор Макгрегор (ММА, UFC) - 180 миллион доллар.

2. Лионель Месси (Барселона, футбол) - 130 миллион доллар.

3. Криштиану Роналду (Ювентус, футбол) - 120 миллион доллар.

4. Дак Прескотт (Даллас Ковбойс, америкалық футбол) - 100 миллион доллар.

5. Леброн Джеймс (Лос-Анджелес Лейкерс, баскетбол) - 96,5 миллион доллар.

6. Неймар (ПСЖ, футбол) - 95 миллион доллар.

7. Роджер Федерер (теннис) - 90 миллион доллар.

8. Льюис Хэмилтон (Мерседес, Формула-1) - 82 миллион доллар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир