Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын
Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) неміс Хусейн Мұхамедпен (17-0, 14 КО) титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Бокс кеші Оберхаузен қаласында (Германия) өтті. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Кособуцкийге тиесілі WBC International титулы бәске тігілді.
Жекпе-жек қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Үшінші раундта жерлесіміз қарсыласын нокаутқа түсірді.
Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, ауыр салмақтағы WBC International чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.