Қазақстандық гимнаст Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш медаль жеңіп алды

19.08.2022 14:56

Сондай-ақ 24 жасар спортшының ел чемпионы екенін еске сала кетейік

Казахстанская федерация гимнастики

Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама командасының өкілі Аида Бауыржанова Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аида еркін жаттығулар бойынша алтын, бөрене үстіндегі және қоссырықтағы жаттығулардан сәйкесінше күміс және қола жүлделерге ие болды", - делінген жазбада.

Сондай-ақ 24 жасар спортшының ел чемпионы екенін еске сала кетейік.