Жарысқа 7660 спортшы қатысады
Алматыда Алматы жартылай марафоны өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
23 сәуірде Алматыда Алматы жартылай марафонының басталуы Тұңғыш Президент саябағында таңғы 07:30-да, мәре Орталық стадионда сағат 12:00-де өтеді. Басталуы сағат 07:30-да 10 км қашықтық және скандинавиялық жүру, сағат 08:10-да 21 км қашықтықта жүгіру. Биыл жартылай марафон алтыншы рет өткелі тұр, жарысқа 7660 спортшы мен жүгіруді сүйетіндер қатысады. Орталық стадионда черлидерлер командасы мен музыкалық топтардың қатысуымен үлкен ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған.
Іс-шараның өткізілуіне байланысты 23 сәуірде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін қашықтықтан өту орындарындағы жолда қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Жолдардың жабылу жоспары
Жартылай марафон сөресі таңғы сағ. 07:30-да Тұңғыш Президент саябағында беріледі. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 23 сәуір күнгі сағ. 00:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағ. 07:00-ден 08:10-ға дейін жабық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 07:15-тен 09:40-қа дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 07:40-тан 09:00-ге дейін толық жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 08:40-тан 11:10-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 07:50-ден 09:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 08:30-дан 10:10-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.
Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:
1) Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
2) Навои көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
3) Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
4) Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
5) Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
6) Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.