Путинцева Торонто турнирінің жартылай финалына шыға алмады

13.08.2022 15:34

Ол турнирді 61 300 доллар және 190 рейтингтік ұпай жинап аяқтады

sports.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 46-ракеткасы) Торонто WTA-1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Путинцева ширек финалда әлемнің 7-ракеткасы Джессика Пегуламен кездесті.

Д.Пегула 6:3, 6:3 есебімен екі сетте де басым түсті.

Америкалық теннисші финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен таласады.

Отандасымызға келер болсақ, ол турнирді 61 300 доллар және 190 рейтингтік ұпай жинап аяқтады. Турнир барысында Юлия канадалық теннисші Катерина Себов (299-орын) – 3:6, 6:2, 7:5, испаниялық Паула Бадоса (3-орын) – 7:5, 1:0 (шығарылды) және америкалық Алисон Рисктен (35-орын) басым түсті.