Алаң иелері екінші таймда басымдық танытты
Нұр-Сұлтан қаласында UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кездесудің бірінші бөлігі 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.
Екінші таймда алаң иелері басымдық танытты. Қарымта шабуылдардың бірінде Роман Мұртазаев әріптесі Дмитрий Шомкоға пас берді. Қақпа алдында жалғыз қалған Шомко қақпашыдан айласын асырды. Есеп теңесті. «Астана» шабуылы еселене берді. Оң қапталдан шабуылға қосылған Антонио Рукавинаның ұмтылысы жемісті болды. Оның соққысы «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Ди'Шон Бернардтың аяғына тиіп, қапқаға еніп кетті. Төреші автогол ретінде тіркеді. Есеп – 2:1.