Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты

05.08.2022 15:14

Ол Қазақстанда тек 2010 жылы бір рет жұдырықтасқан екен

tengrinews.kz

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалық журналистер Головкиннен карьерасын аяқтау туралы сұраған, қалай дегенмен 40 жасқа келді. Бұған жауап ретінде боксшы алдымен өз елінде бір жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Ол Қазақстанда тек 2010 жылы бір рет жұдырықтасқан екен. Астанада өткен бокс кешінде ол колумбиялық Нильсон Тапияны үшінші раундта нокаутқа түсірген еді.