Аталған турнир Халықаралық велосипедшілер одағының күнтізбесіне енген ресми дода болып саналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Women's Tour веложарысы бір жыл кейінге шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.
2020 жылдың наурыз айына жоспарланған байрақты бәсеке 2021 жылдың маусым айына қалдырылды. Women's Tour әйелдер арасындағы веложарыс 2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Аталған турнир Халықаралық велосипедшілер одағының күнтізбесіне енген ресми дода болып саналады.
Коронавирус пандемиясына байланысты ұйымдастырушылар доданы 2021 жылдың 7-12 маусым аралығында өткізуді жөн санады.