|
30.10.2022 | 10:03
4567

Футзалдан Чемпиондар Лигасы: "Қайрат" элиталы кезеңге жолдама алды

Ал «Аят» жарыс жолынан шығып қалды

Футзалдан Чемпиондар Лигасы: "Қайрат" элиталы кезеңге жолдама алды prosports.kz

УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі сатысында «Қайрат» пен «Аят» қорытынды матчтарын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші топтағы матчта «Қайрат» қарсыласы Францияның «Спортинг Париж» 3:2 есебімен басып түсіп, турнирдің элиталық сатысына жолдама алды.

Ойын барысында «Қайрат» сапынан Дәурен Тұрсағұлов 2-минутта есеп ашса, Кайо Руис 24-минутта есепті үстемелей түсті. Ал Диего Фаверо 29-минутта «Қайраттың» басымдығын арттырды. Есеп - 3:0.

«Спортинг» (Париж, Франция) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – 2:3 (1:1)

Голдар: Дәурен Тұрсағұлов 01'24'' (0:1), Кайо 23'04'' (0:2), Диего Фаверо 29'17'' (0:3), Болинья 31'33'' (1:3), Финео 37'42'' (2:3)

Рудныйдың «Аят» командасы Хорватияның «Пула» клубымен кездесті. Топтың қорытынды матчында қазақстандық ұжым қарсыласын 2:5 есебімен жол беріп, жарысты жалғастырудан тыс қалды.

«Пула» (Хорватия) – «Аят» (Рудный, Қазақстан) – 5:2 (4:1)

Голдар: Томас Байзель 12'40''(1:0), Роберт Грбич 14'19'' (2:0), Дарко Миланович 17'34'' (3:0), Азат Валиуллин 18'41'' (3:1), Даниэль Моравац 19'09'' (4:1), Леандриньо 23'28'' (4:2), Даниэль Моравац 25'05'' (5:2)

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир