Грек-рим күресі: Қазақстан әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды

24.08.2022 15:03

Командалық есепте қазақстандық команда алтыншы орында.

Olympic.kz.

Софияда (Болгария) грек-рим күресінен U20 әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан командасының активінде үш медаль бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ең жақсы нәтиже Юсуф Мациевке тиесілі. 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуан күміс медальға ие болды.

Дінмұхамед Қошқар (67 келіге дейін) мен Мақсат Сайлау (87 келіге дейін) әлем біріншілігін үшінші орында аяқтады.

Командалық есепте қазақстандық команда алтыншы орында. Командалық кестені Иран бастап тұр екінші орын Әзірбайжанда, Украина үшінші орында.

Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы айқассыз-ақ әлем чемпионы белбеуін алады