Е.Рыбакина финалда бас жүлде үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінгі кездесуде отандасымыз әлемнің 3-ші ракеткасы Джессика Пегуладан басым түсті. Жартылай финалдық кездесу тартысты өтті.
1 сағат 10 минутқа созылған 1-ші сетті Пегула брейкпен бастап, алға шыққан еді, алайда Рыбакина тай-брейкке дейін жеткізіп, 7:6 есебімен жеңіп шықты. Екінші сет бірнеше рет тоқтатылды
Оған себеп - толассыз жауған жаңбыр. Оны да Елена сәтсіз бастаған. Дегенмен тез жиналып, матч соңында қарсыласынан озып, таблодағы есеп 6:4 болды.
Осыған дейін Е.Рыбакина Д.Пегуладан екі рет жеңілсе, соның есесін бүгін қайтарды.
Е.Рыбакина финалда бас жүлде үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.
«Мен өте қуаныштымын! Нәтиже былай болады деп ойламадым. Бірақ бәрі ойдағыдай болды. Барымды салып, қолымнан келгенін істедім. Мені қолдаған көпшілікке алғысымды айтамын!»– деді теннисші Елена Рыбакина.