Түркияда төреші ораза ұстаған футболшылар ауыз ашуы үшін ойынды тоқтатты

15.04.2021 15:04

Шағын үзіліс кезінде футболшылар су ішіп, жеңіл тағамдар жеген

Türkiye Futbol Federasyonu

Түркияда қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған футболшылар ауыз ашуы үшін төреші матчты уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл Түркия Бірінші лигасында «Гиресунспор» мен «Кечиоренгюджю» арасындағы кездесуде болған. Бас төреші ойынды 11-минутта тоқтатқан.

Шағын үзіліс кезінде футболшылар су ішіп, жеңіл тағамдар жеген. Twitter желісіндегі beIN Sports парақшасында жарияланған видео төрт миллион қаралым жинап, 1,5 мыңнан аса қолданушы пікір жазған.