Токио Олимпиадасы: Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда жеңіліп қалды

24.07.2021 15:05

Өкінішке қарай, қытайлық балуан басым түсіп, Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасын аяқтады

Prosports

Токио Олимпиадасында дзюдошылар бәсекесі басталды. Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда ұтылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол бірінші белдесуде қытайлық Ли Янаньмен күш сынасты.

Өкінішке қарай, қытайлық балуан басым түсіп, Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасын аяқтады.