|
23.08.2024 | 10:07
451

Елена Рыбакина бапкерімен қош айтысты

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазған

Елена Рыбакина бапкерімен қош айтысты Wikipedia

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен қарым-қатынасын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бес жылға созылған жемісті қарым-қатынастан кейін біз енді бірге жұмыс істемейміз. Мен оның корттағы жұмысына ризамын және болашақта оған барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін бәріңізге алғыс айтамын», - деді Рыбакина.

Е. Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингіде 180-орында тұрған аустралиялық Дестани Айявамен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын US Open турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатына жолдама алды.

Т.Скатов бірінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен шеберлік байқасады.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир