Үстел теннисінен өткен халықаралық жарыста Қазақстан спортшысы "алтын" иеленді

26.08.2023 15:09

Турнир Аммандада (Иордания) өтті

Оlympic.kz

Қарағандылық спортшы, жас отандасымыз Алан Құрманғалиев үстел теннисінен өткен халықаралық жарыста үздік атанып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Амманда (Иордания) WTT Youth Contender Amman 2023 үстел теннисінен ауқымды турнир өтті. Бұл жарыста 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан атын Алан Құрманғалиев танытты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Өтірікке құрылған ғұмыр | Өмір иірімі 

Алан барлық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді: Исса Аль-Шамма (Иордания), Хади Абуалрахи (Сауд Арабиясы), Али Альхауэй (БАӘ), Ахмед Корани (Катар), Ясин Габер (Мысыр), Бадра Мостафа (Мысыр).