Бұл ойын 9 қазанда өтеді
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы жекелей сынның бірінші айналымында ол германиялық Андреа Петковичті 7:6 (7:2), 6:1 есебімен ұтты.
Путинцеваның келесі қарсыласы Қазақстан құрамасының өзге ойыншысы – елдің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина болады. Ол турнирді бірден екінші айналымнан бастайды. Бұл ойын 9 қазанда өтеді.