Алматыда скандинавиялық жүріс бойынша қалалық фестиваль өтеді

13.10.2023 15:12

Егде жастағы адамдарға арналған айда фестивальге дайындық басталды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының егде жастағы тұрғындары белсенді. 24 қазанда Алматыда "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына" келушілер арасында скандинавиялық жүріс бойынша қалалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Егде жастағы адамдардың айлығына арналған фестивальге дайындық мұқият жүргізілуде.

Мысалы, Әуезов ауданының зейнеткерлері Сайран көлінің жағасымен 5 км жүріп өтті. Іс-шараны аудан әкімдігі "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Осы орталықта 5 жыл сабақ берген жаттықтырушы Ксения Шклярдың басшылығымен барлығы 60 қарт қатысты. Марафонға қатысушысылар ішінде жасы ең үлкені  – ауданның 86 жастағы тұрғыны.

Әуезов ауданында екі "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" жұмыс істейді. Мұнда күн сайын 135 адам келеді. Осылайша, аталған орталықтар ауданның 2990 зейнеткерін қамтиды.

"Белсенді ұзақ өмір сүру" орталықтарын Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы құрды. Мұнда зейнеткерлерге білім беру, психологиялық қолдау, медициналық-әлеуметтік және демалыс бағдарламалары ұсынылады. Мақсат - қарттарға қолдау көрсету, олардың өздігінен қозғалу қабілетін сақтайтын шаралар ұйымдастырып, белсенді өмір салтын сақтау.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық 23 жастағы гроссмейстер әлемнің үздік шахматшысын сенсациялық түрде жеңді