Универсиада: Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті

21.01.2023 в 15:17

Қазақстандық команда австриялық командаға жол беріп, Жапония спортшыларын қапы қалдырды

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан универсиадада Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасының мүшелері Данил Васильев пен Сергей Ткаченко үздік нәтиже көрсетіп, универсиаданың күміс медалін иеленді. Қазақстандық команда австриялық командаға жол беріп, Жапония спортшыларын қапы қалдырды.

Айта кетейік, универсиадада Қазақстан құрамасы әзірге 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.