Төртінші раундта америкалық боксшының бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты
25 жастағы қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегіне қол жеткізді. Орта салмақта өнер көрсететін жерлесіміз бүгін Фриско қаласында (Техас штаты) өткен бокс кешінде америкалық қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.
8 раундқа жоспарланған кездесуді Жәнібек төртінші раундта аяқтады. 28 жастағы америкалық боксшы Стивен Мартинес ауыр соққылар алғаннан кейін оның бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан. Оның алдында Мартинес бір рет нокдаун алған болатын.
Бұл Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегі. Оның бәрінде қазақ боксшысы жеңіске жеткен. Ал, Стивен Мартинес болса бүгін бесінші рет жеңілді. Ол 18 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған.