Иорданияда әйелдер күресінен Қазақстан спортшылары қола медаль ұтты

23.08.2024 15:18

Сайыс Амман қаласында өтіп жатыр

olympickz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны екі қола медальмен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан қола медаль жеңіп алды. Стратан кіші финалда грекиялық Мэйри Маниден 5:1 есебімен басым түсті.

65 келі салмақ дәрежесінде Ұлдана Тілеухан үздік үштікке енді. Қола медаль үшін өткен белдесуде Ұлдана атлет Анастасия Команаваны 17:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс медаль олжалаған.