Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден Азия чемпионы атанды

23.04.2019 15:19

Ядро лақтырудан Қазақстан командасының мүшесі Иван Ивановта қола жүлдегерлер қатарында

olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Катар астанасы Дохада да өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты. Сафронова бұл көрсеткіш арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. 

Сондай-ақ 800 метрге жүгіруден Маргарита Мукашева қола медаль жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші – 2:03.83.

Ядро лақтырудан Қазақстан командасының мүшесі Иван Иванов та қола жүлдегерлер қатарында. 

Айта кетейік, Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден Азиядағы үздік үштікке енген болатын.