Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ел құрамасынан жартылай финалға алтыншы жолдамаға Ләззат Күнгейбаева ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) ширек финалда үндістандық Нупурмен жолдама үшін таласты. Алғашқы екі раундта боксшылар терезесі тең деңгейде ойын көрсетті. Үшінші раундта қазақстандық боксшының қарқынын арттырғаны байқалды. Нәтиежесінде, төрешілер Ләззаттың жеңіске жеткеніне қолдау білдірді.
Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатында 2016 жылы алтын алса, 2014 жылы күміс жүлдегер болды. Ал, Азия чемпионатында 2021 жылы чемпион атанса, төрт мәрте күміс және қола медаль алған.
Ел құрамасынан бүгін бес боксшы жартылай финалға жолдама алды. Олардың қатарында Алуа Балқыбекова (48 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Фариза Шолтай (81 келі), Надежда Рябец және Валентина Хальзова бар.
Ал, Мәдина Нұршаева (70 кг) бразилиялық Барбара дос Сантосқа жол берсе, кешкі сессияда Жайна Шекербекова (54 келі) колумбиялық Марсела Ариаспеге, Римма Волосенко (60 келі) қытайлық Веньлу Янге есе жіберіп қойды.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!