«Странджа» кубогі: 5 боксшымыз келесі кезеңге өтті
ҰОК
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Болгарияның София қаласында бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап.
57 келідегі Бибарыс Жексен франциялық Самюэль Кистохты 5:0 есебімен ұтса, осы салмақтағы Оразбек Асылқұлов қырғыз боксшысы Жеңісбек Белашаровты 5:0 есебімен жеңді.
60 келідегі Василий Самчук ұлыбританиялық Ниэль Фаррелді 4:1 есебімен тізе бүктірді. Әділет Құрметов германиялық Мұрат Йылдырымнан жеңілді.
80 келідегі Ерасыл Жакпеков ресейлік Савели Садомадан 3:2 есебімен басым түсті.
Ал 92 келідегі Абзал Құттыбеков испаниялық Эмануэль Пла Рейесті жеңіп, келесі айналымға өтті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10